Тәлібтер ауған волейболшысын өлім жазасына кесті

Ulysmedia

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ауғанстан әйелдер волейбол командасының ойыншысы Махжубин Хакимидің қайғылы қазасы туралы жантүршігерлік хабардың рас-өтірігін анықтау керектігін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ria.ru-дың мәліметінше, «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) мүшелері әйел спортшыларды іздеу операциясы аясында ауған волейболшысы Махжубин Хакимидің басын алды. Бұған дейін тәлібтер ауған әйелдеріне спортпен айналысуға тыйым салған.

«Бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары Хакимидің қайғылы өлімі туралы хабарлаған кезде федерация мүшелері жаға ұстады. Алайда, оның өлімінің шынайы себебі туралы қарама-қайшы мәліметтер бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан FIVB нақты ақпарат алуға талпыныс жасауда. Біз басқа адамдарға, әсіресе дені сау, жас талантты спортшыларға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз», - дейді халықаралық федерацияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында спорт пен оның құндылықтары сау азаматтық қоғамның негізі болып қала беретіні жазылған.