Футзал: Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте нешінші тұр

Оралхан Қожанов

Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингісінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Бұған дейін Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алған болатын.

Астанада Нидерланд құрамасымен өткен матчқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қолдау көрсеткен болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында жолдастық кездесу өткізеді.