Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұған дейін заң жобасын Парламент палаталарының депутаттары мақұлдаған болатын.
Хаттаманың мақсаты – Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесінің өміршеңдігі мен тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз ету.