×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Балаева «Слово пацана» фильмі Қазақстанның ешбір заңын бұзбағанын мәлім етті

26.12.2023, 12:55
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, Қазақстандағы жастардың проблемасы қылмыстан гөрі лудомания, есірткіге тәуелділікпен, мәдениетсіздікпен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Мазмұны туралы ештеңе айта алмаймын. Ішкі істер министрлігі жіберді. Бірақ бүгінгі таңда ешқандай заң бұзылмағанын анықтадық. Бірақ бұл ретте мен бұл фильм Қазақстандағы қазіргі жағдайды көрсетпейді. Фильмде көрсетілгеннің бәрінің біздің жастарға ортақ ештеңесі жоқ. Біздің жастардың проблемасы лудоманияға, есірткіге тәуелділікпен, мәдениетсіздікпен байланысты.

Мен бір ғана тыйыммен еш мәселені шеше алмаймыз. Егер тіпті бұл фильмді тыйым салу жөнінде кеңес берілсе де, меніңше, ақпараттық технологиялар ғасырында бәрібір жасыру қиын. Иә, қазір жекелеген ресурстарда жауып қоя алатын шығармыз. Бірақ ютубта шектеу мүмкін емес. Жекелеген платформаларда да. Қалаған адам бәрібір бұл фильмді көре алады, – дейді Аида Балаева ОКҚ алаңында.

Еске сала кетейік, елімізде қызу талқыға түскен ресейлік «Слово пацана» сериалына қатысты жағымсыз пікір көп айтылған. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы криминалдық жағдайды баяндайтын сериал жайлы министрлер де пікір білдірген. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, полиция қызметкерлері сол сериалдардың кейіпкерлерінің тағдырын мысалға келтіріп, тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Алайда ол да жеткіліксіз» дейді Зұлқайыров

Серіктес жаңалықтары