2100 аққала - қостанайлықтар әлемдік рекорд орнатты

Оралхан Қожанов

Қостанай облысындағы Қамысты ауылының тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Олар осы аптадағы аймақта болған қарлы боранға қарамастан қытайлықтар орнатқан рекордты басып озды. Десе де Қамыстының көрсеткіші, әзірге, тек Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қостанай жаңалықтары

Апта басында ауыл тұрғындары аққала жасау бойынша әлемдік рекорд орнатуға бекінгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тараған еді.

Ауыл жұрты алға қойға межеге жетті. Олар 2100 аққала жасап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл көрсеткішті әлемдік рекордты жаңарту деп есептеуге болады, себебі бұған дейін Қытайда 2018 дана аққала жасалып Гиннес рекордтар кітабына тіркелген еді.

Ауыл тұрғындарының аққаласы саналып, КИНЭС кітабы ерекше әрекетті ресми рекорд деп тіркеді. Ауыл әкімдігіне мұны растайтын арнайы сертификат табыс етілді.