ТЖМ қызметкерлері бір тәулікте 465 адамды эвакуациялады

Ulysmedia

Соңғы тәулікте ТЖМ қызметкерлері 180 шығу ұйымдастырып, нәтижесінде 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының жолдарында ТЖД, 52859 ТЖМ әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттеріне және елді мекендерге жеткізілді.

Бұқар Жырау ауданында үш адам табылды, олар 29 қарашада ауа-райына байланысты елді мекенге өз бетінше жете алмаған.

Сондай-ақ Абай ауданында дала қар құрсауында автокөлікпен тұрып қалған төрт адамды іздеу жүргізілді. Құтқарушылар күшімен олар таңертең табылып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынын іздеп атқа мінген шопан іздестірілді. Іздеу тобымен жоғалған адам табылып, елді мекенге жеткізілді.

"ТЖМ азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қадағалауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуы керек",-деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.