Цунами қаупі: Жапонияда бірнеше қуатты зілзала болды

Ғалиасқар Думан

Жапонияның батысында 5, 6 және 7 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы еліміздің метеорологиялық агенттігіне сілтеме жасай отырып Ulysmedia.kz хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Жер сілкінісінің эпицентрі Ното түбегінде болды. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты.

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,1 деп бағаланды.

Жапонияның солтүстік-батыс жағалауында цунами қаупі жарияланды. Билік толқындардың биіктігі 5 м-ге жетуі мүмкін екенін ескертті.