Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ақпараттық қауіпсіздікке 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсамақ

Ulysmedia

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ақпараттық қауіпсіздікке 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Тиісті лот мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған. Тапсырыс беруші  – "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ.

"Атауы – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттамасы – ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметтері", – делінген сипаттамада.

Бір жылға жоспарлы сома – 102 862 500 теңге.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 12-27 қаңтар аралығында қабылданады.