Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынады

Оралхан Қожанов

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлемдерден бас тартқаны үшін әуелі ескерту беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

egemen.kz

Салық қызметінің мамандары қолма-қол ақша төлеуді талап еткен бизнеске айыппұл салынатынын айтады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерден бас тартқаны үшін (карта немесе QR) алдымен ескерту, содан кейін шамамен 150 мың теңге айыппұл салынбақ.

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарынан бастап бизнес жаппай қолма-қол ақша төлеуді талап ете бастады. Бұл әмиянсыз сатып алуға үйреніп қалған қазақстандықтардың наразылығын тудырғаны рас.

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның нормалары банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап), деп атап өтті ведомствода.

"Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 147 680 теңге (40 АЕК*) мөлшерінде айыппұл салынады", - деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитеті.

Егер сіз төлемді қолма-қол ақшасыз қабылдаудан бас тартқан сатушыға тап болсаңыз болсаңыз, салық қызметіне хабарласуға болады.