Тоқаев Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтады

Оралхан Қожанов

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді”, - деп жазды Берік Уәли.

Естеріңізге салсақ, Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласындағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.