ЖИ Қазақстанды мақтаған мақалалар шетелдік БАҚ-қа тарады

Оралхан Қожанов

Жасанды интеллект еңбек нарығында аудармашыларды ғана емес, сонымен қатар ғалымдарды ығыстыра бастағаны ма? Белгілі болғандай, жасанды интеллекттің көмегімен Қазақстан туралы жағымды мақалалар жазылып, белгілі британдық ғалымдардың атынан БАҚ-қа тараған, деп жазады Ulysmedia.kz The Times басылымына сілтеме жасап.

Getty Images

"Белгісіз авторлар екі халықаралық ғалымның атын жамылып, бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан жайлы мақалаларды өткізуге тырысқан”, делінген The Times басылымында.

Мақалада Қазақстанның табиғи байлығы, сұлулығы мен ерекше орны туралы жазылыпты.

Журналистердің айтуынша, мақаланың көшірмесін екі британдық ғалымның авторлығынан кейін Euronews телеарнасы алған. Бірақ редактор мәтіндегі сөздерді оғаш деп санап, оны қабылдамапты. Ғалымдарға олардың атынан шыққан мәтіндер туралы хабарланған.

Сонымен бірге мақаланы басқа да жаңалықтар агенттіктері жариялап, кейінірек материалды алып тастаған.

Сонымен қатар, жасанды интеллект жазған “ағылшын авторларының” Қазақстан туралы мақалаларын әртүрлі сайттардан табуға болатыны айтылады.