Астанадағы «Нұр-Сұлтан» станциясының атауы өзгереді

Оралхан Қожанов

Көлік министрлігінің бірнеше теміржол станциясы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан» темір жол станциясы «Астана» темір жол станциясына; «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станциясы «Нұрлы жол» теміржол станциясына өзгертілсін, -  делінген «Ашық НҚА» порталындағы құжатта.

Айта кетейік, 2019 жылы елордадағы «Астана-1 теміржол» вокзалының атауын «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» етіп өзгерту ұсынылған еді.