Жол апатынан 25 адам қаза тапты

Оралхан Қожанов

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Баия штатында туристік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 25 адам қаза болып, 5 адам зардап шекті. Бұл ақпаратты жергілікті азаматтық қорғаныс ведомствосы растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

dailymail.co.uk/Anjos Jacuipenses

Жол апаты жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да болған. Жол апатынан автобустағы 22 адам, жүк көлігіндегі 3 адам ажал құшты.

Бразилияның федералды жол полициясы мәліметінше, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Апат себептері анықталып жатыр.