×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

UFC шебері Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесті

10.01.2024, 14:24
instagram.com/ shavkatrahkmonov94

UFC шебері (18-0) Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Шавкат бұл ақпаратты желідегі парақшасында жариялады.

«Қазақтың сарбаздарымен кездестік! Көптеген сұрақтарға жауап бердік, толықтай қазақ жері қауіпсіздікте екеніне көз жеткізіп қайттық», деп жазып, сарбаздармен түскен суретін жариялады.

Естеріңізге салсақ, Лас-Вегас төрінде UFC 296 жекпе-жегінде Шавкат американдық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңген болатын.

MMA Salaries мәліметі бойынша, Томпсонды жеңгені үшін Рахмонов мансабындағы ең жоғары гонорарды алды – 306 мың доллар (шыққаны үшін - 150, жеңгені үшін - 150, демеушілік бонустары үшін - 6 мың доллар).

Алайда, жеңіске жеткенімен, Шавкат табыс жағынан Томпсонды басып оза алмады. Стивен промоушенде ұзақ уақыттан бері өнер көрсетіп келеді, бір кездері белбеу үшін де жұдырықтасқан. Сондықтан оның банктік шотына әлі күнге дейін жоғары сома түсіп тұрады. UFC 296-дан кейін америкалық 416 мың долларға байыды (400-і шыққаны үшін және 16-сы демеушілердің ынталандырулары).

Серіктес жаңалықтары