Алматыдағы жер сілкінісі: 67 адам дәрігерге жүгінді

Ulysmedia

Олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында түнгі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер туралы соңғы мәліметтерді жаңартты. 23 қаңтарда сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 67 адам дәрігерлерден көмек сұраған: олардың 55-і ересек және 12 бала. Үш ересек пен бес бала ауруханаға жатқызылды. Қалған науқастар амбулаториялық емге жіберілді.

– Үш ересек пациент жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатыр. Операциядан кейін реанимацияда біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланады. Екі науқас травматология және ортопедия бөлімінде. Жағдайлары орташа ауыр, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Төрт бала Балалардың жедел медициналық көмек көрсету орталығында ем алуда. Олар алты ай, жеті айлық, жеті жаста және тағы бірі 16 жаста. Олар құлаған кезде үйде жарақат алған. Бір нәресте анасының қолынан, екіншісі бесіктен құлаған. Балалардың бәрінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір жасөспірім қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.