«Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Ulysmedia

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында «Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы басшысы Мақсат Әріпке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Іздестіру жұмыстарын Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Іздестіру ісі 23 қаңтарда Алматы облысында тіркелген.

Күдікті Kazakhstan Kagazy PLC және «Қазақстан қағазы» АҚ бұрынғы бас директоры. Ол компанияны 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарған. Бірнеше жылдан кейін, 2013 жылы жаңа меншік иелері мақсат Мақсат Әріп 150 млн долларды Kazakhstan Kagazy құрамына кірмеген компаниялардың шоттарына аударғаны туралы деректерді тапқан. Содан кейін ол сотқа тартылып, 300 миллион доллар шығынды өтеуі қажет болған. 2018 жылы Лондон соты оны алаяқтық үшін кінәлі деп таныды, бұдан оның банктік шоттары бұғатталып, Ұлыбритания астанасындағы сарайы тәркіленген.