«Менің де несием, асырайтын бес балам бар» - АХҚО басшысы

Ulysmedia

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров қызметкерлердің жалақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

АХҚО қызметкерлерінің орташа жалақысына байланысты сұраққа Бектұров жас мамандар үшін тәжірибеге байланысты 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін айлық төленетінін мәлімдеді. Орта буын 600 мың теңгеден, ал басшылар 700-800 мың теңгеден алады.

– Мен бірінші басшымын, сәйкесінше менде айлық 800 мың теңгеден асады. Өкінішке қарай, нақты мөлшерді айта алмаймын, - деді Бектұров жалақысының мөлшері туралы сұраққа жауап бере отырып.

Сондай-ақ, журналистер АХҚО басшысы өз жалақысын инвестиция ретінде сала ма деп сұрады.

– Біріншіден, мен белсенді түрде инвестициялай алмаймын, уақытым жоқ. Кейінге қалдыруға тырысамыз, бірақ менің бес балам бар. Онда да көп нәрсе қалмайды. Біз бәріңіз сияқты, балабақшаға ипотека төлейміз, - деді Бектұров және қарапайым қазақстандықтар сияқты ипотека мен тұтынушылық несиелерді төлейтінін айтты.