QazaqGaz арбитраж сотында Қырғызстаннан жеңіліп қалды

Ғалиасқар Думан

Қырғыз Республикасы Париждегі арбитраж сотында Қазақстанның QazaqGaz ұлттық компаниясын жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қырғызстанның әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Не іс? Қай сот?

2020 жылы QazaqGaz Ташкент-Бішкек-Алматы магистральды газ құбырының қырғыз учаскесін жаңғырту және бірлесіп пайдалану жобасына байланысты Қырғызстанға қарсы арбитраж сотына берген.

Қазақстанның ұлттық компаниясы "ҚырҚазгаз" бірлескен кәсіпорнына салынған инвестицияларға қатысты экспроприацияға (мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға) және құқықтардың өзге де бұзылуына байланысты до 15 млн дейінгі мөлшерде өтемақы талап еткен.

Сот шешімі

2024 жылдың 30 қаңтарында Париждегі халықаралық сауда палатасы жанындағы халықаралық арбитраж соты трибуналының құрамы (үш төрешіден, ICC Int. төрелік соты) QazaqGaz талаптарын қанағаттандырудан бас тартып, Қырғызстанның пайдасына қарай шешім шығарды.

Сонымен қатар, арбитраж құрамы қазақстандық ұлттық компанияны елдің төрелік шығыстарының 60% Қырғызстанға өтеуге міндеттеді, оның сомасына жыл сайынғы капиталдандырумен күрделі пайыздар есептелетін болады. QazaqGaz сонымен қатар ICC Int. Court of Arbitration әкімшілік шығындарын төлейді.

Істің тарихы

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның компаниясы Гаагадағы халықаралық сотта Қырғызстаннан жеңілгенін хабарлаған.

Қазақстан компаниясы өз талабында Қырғызстанның Таш-Құмырдағы кешенді ферроқорытпа зауытын салу бойынша жүзеге асырылмаған жоба шеңберінде инвестицияларды экспроприациялағаны үшін 50 млн доллар өтемақы талап ететінін мәлімдеген.