Нұсқаулық: Ұлттық қордан балаңызға қанша ақша түскенін қалай біле аласыз

Ulysmedia

Бүгіннен бастап Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша түскенін kids.enpf.kz сілтемесінен біле аласыз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Алдымен kids.enpf.kz сілтемесіне кіру керек. “Ұлттық қор - балаларға” деген БЖЗҚ-ның порталы ашылады. Соның төменгі жағында ЖСН деген ұяшық тұр. Соған балаңыздың жеке сандық нөмірін енгізесіз. ЖСН енгізсеңіз, қанша ақша түскенін байқауға болады.

Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (44800 теңге) түсті. Түскен түпкі соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала аласыз.