Қазмұнайгаздың мердігер ұйымының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

Ғалиасқар Думан

"Өзенмұнайгаз" АҚ-қа тиесілі "Өзен" кен орнының аумағында ҚазМұнайГаздың мердігер ұйымының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Lada.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Ашық дереккөзден

Оқыс оқиға 2024 жылдың 27 қаңтарында болған.

Алдын ала берілген есепке сәйкес, оқиға НГДУ-3 жұмысшыларының міндетіндегі №4192 ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сағат кешкі 21:25-те болған.

"Мұнайспецснабкомпани" ЖШС цементтеу агрегатының машинисі бригада қызметкерлерінің тұрғын-жайына арналған вагонда – культ стендінің баспалдағымен көтерілген кезде тоққа түскен.

Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмысшының қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиғаға тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзуы себеп болғаны айтылады.