Димаш туған күнінде Түркияда концерт береді

Ulysmedia

Биыл 24 мамырда Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Туған күнінде танымал әртіс Стамбулдағы "Бешикташ" стадионында жеке концерт өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаштың жеке концертін ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын түрік компаниясы әлеуметтік желілерде жариялады.

“Әлемдегі ең ерекше дауыс Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымда болады! Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған концерт, - делінген хабарламада.

"Бешикташ" стадионы Стамбулдың еуропалық бөлігінде, Босфор жағалауында орналасқан. Ол шамамен 42000 көрерменді қабылдай алады.

Сондай-ақ, Димаш биыл 4 мамырда Будапешттегі алғашқы концертін өткізетінін мәлімдеген болатын.