Майқайыңдағы құтқару жұмыстары қайта жалғасты

Ulysmedia

Кеніш түбінде автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ баспасөз қызметі

Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Майқайыңда автобус құлаған шұңқыр жер ойылып, тағы бір шұңқыр пайда болған еді. Осыған байланысты экскаваторды шығаруға шешім қабылданды.