Forbes Қазақстан олигархтарының тізімін арттырады

Ulysmedia

Forbes жетекші іскерлік журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингісін 75 бай-бағланға дейін арттыру туралы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Жыл сайынғы рейтингке тағы 25 кәсіпкерді қосу туралы шешімді Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов хабарлады.

"Бүгін Forbes Kazakhstan аналитикалық тобының жетекшісі Ардақ Бөкеева екеуміз осы жылдан бастап Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингісін 75-ке дейін арттыруды жөн көрдік. Біздің сарапшылар тобының енді жұмысы артады, ал оқырмандар үшін көптеген жаңа ақпарат пайда болады", - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Forbes журналының қазақстандық нұсқасы 2011 жылы жарық көре бастады. Осы уақыттан бастап басылым жыл сайын ҚР-дағы ең бай елу бизнесменнің тізімін жариялап келген-ді.

Өткен жылы рейтингтің көшін Владимир Ким бастады. Алғашқы ондыққа Тимур мен Динара Құлыбаева, Вячеслав Ким, Тимур Турлов, Болат Өтемұратов, Ибрагимовтер отбасы, Сәрсеновтер отбасы және Нұрлан Смағұлов кірді.