Көкшетауда ХҚО қызметкері шетел көліктерін заңсыз тіркеп келген

Ulysmedia

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қаласындағы ХҚО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласқан екі азамат жалған төлем құжаттарын қолданып, алым төлемей шетел көліктерін бастапқы деңгейде тіркеп келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Істі Қаржы мониторингі агенттігің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

– Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Агенттік бұдан өзге ақпаратты заңға сілтеп жариялаған жоқ.