Палестина премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Ulysmedia

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штайе Газа секторындағы зорлық-зомбылық пен соғыстың өршуіне байланысты үкімет тарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: Shadi Hatem

Al Jazeera арнасының мәліметінше, Мұхаммед Штайе Палестина президенті Махмуд Аббасқа қызметінен кету туралы өтініш берген.

Оставкаға кету туралы шешім Батыс жағалау мен Иерусалимдегі бұрын-соңды болмаған шиеленістерге, сондай-ақ Газа секторындағы соғыс, геноцид пен ашаршылыққа байланысты қабылданды, - деді ол.

РИА Новости агенттігі Мұхаммед Штайе 1958 жылы Палестинаның Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласында дүниеге келгенін хабарлады.