Ақтауда блогер өртенген иттің өлігін көрсетті

Ulysmedia

Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев облыс орталығының маңында өртенген иттердің өлігін видеоға түсірді. Оның болжауынша, иттер бұрын атылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Лада.кз ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Фото: Скриншот

- Біз неге Еуропада, Түркияда немесе Дубайдағыдай бізде болмайды деп ашуланғанды жақсы көреміз. Неге екенін мен айтайын! Өйткені көпшілігіміз айналамыздағы иттермен, мысықтармен, құстармен тыныш өмір сүре алмаймыз. Сол Еуропада әр адам жануарды қолға үйретпес бұрын мың рет ойланып, өлшеп, жауапкершілікті қабылдайды. Біз жануарлардың өміріне бейқам қараймыз. Ойыншықпен ойнағандай лақтырып тастаймыз, содан кейін сол ойыншықты еріктілер ең жақсы жағдайда көшеден алып кетеді, зарарсыздандырады, – деп жазады блогер.

Блогер иттердің өлігін көргенде холокостты көзбен көргендей әсерде болғанын жазады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қаңғыбас иттердің өлігін өртеген бейне тараған болатын. Видеода ауылдардың бірінің тұрғыны қара түтінді көрсетіп, осылайша өлтірілген жануарлардан құтылатынын айтады.