Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы өрттің неден шыққаны белгілі болды

Ulysmedia

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы өрттің шығу себептері белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі терминалдың электр қалқанында өрт шығып, түтін шыққанын мәлімдеді. Өрт 10-15 шаршы метр электр сымдарын шарпыған, бұл №2 терминалдың серверлік бөлмесінде болған. Өрт 08:24-те сөндірілді.

Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда әуежайдан ұшатын 18 рейс кешіктіріліп жатыр.

Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталған соң рейстер қалыпқа келтіріледі.

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайының терминалында өрт шыққаны белгілі болған еді. Түтіннің салдарынан жолаушылар ғимараттан эвакуацияланды.