Қырғызстанда крематорийлер салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.kg сайтының жазуынша, Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты.
Сондай-ақ елде марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз емес.
Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылып жатыр, - деді Марлен Маматалиев.
Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.
Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды, - деді Маматалиев.