Алматыдағы Киров атындағы «Қазақстан инжиниринг» машина жасау зауыты ұлттық компаниясы аукционға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зауыттың бастапқы бағасы – 6 144 491 882 теңге, кепілді жарна – 110 760 000 теңге. Әлеуетті сатып алушылардың өтінімдері 12 наурызға дейін қабылданады, сауда-саттық сол күні басталады.
Сатып алушыға қойылатын талаптар:
кәсiпорынның мамандануын сақтауға және Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қызметкерлердiң кемiнде 2/3 бөлiгiн сақтауға, еңбекақы және салықтар бойынша берешектерiн өтеуге;
зауыттың «Қазақстан инжиниринг» компаниясына кредиторлық берешегін екі жыл ішінде өтеуге;
жыл ішінде сатып алушының кәсіпорынды қайта сатуға, оны кепілге қалдыруға, басқаруға беруге құқығы жоқ.