Ақтауда екі шетелдіктің асқазанынан героин мен «синтетика» салынған 30-дан астам контейнер табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰҚК мәліметінше, екі шетелдікті 21 ақпанда Ақтау әуежайында шекарашылар ұстаған.
Рентгендік сараптама олардың құрсақ қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралардың көмегімен шетелдіктердің асқазанынан героин мен синтетикалық есірткі салынған 30-дан астам контейнер алынды, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіге жуық.
Соттың қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.