«Сметаны еке есе өсірген»: Антикор экс-вице-министр Қожағапановтың ұсталуы жайлы

Аян Өрібай

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов не үшін ұсталғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Тілеукен Қожағапановтың 1 наурызда ұсталғанын хабарлайды.

– Ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета 2 есеге өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды, – дейді антикордың ресми өкілі.

Күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Қожағаповтың ұсталғанын антикор бұған дейін хабарлаған еді.