Астанада әйелдерге мыңнан астам қызғалдақ пен шоколад таратылды

Ulysmedia

Акцияға елордалық еріктілер қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Астана әкімдігі қала аумағында екінші күні 8 наурызға орай еріктілердің қатысуымен акция өтіп жатқанын хабарлады.

– Біз шоколад пен гүл тараттық. Олар өздерінің акцияларымен әйелдерге күлкі, жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлағысы келді. Айта кетейік, бұл іс-шараны кешеден бері өткізіп келеміз, - дейді еріктілер.

Астаналық әйелдер бөгде адамдардан гүл алып, құттықтау естіп, қуанышты екенін жеткізжді. Еріктілер мыңнан астам қызғалдақ сыйлады.

Бұған дейін Қазақстан әйелдерін мерекемен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.