Осы жылдың соңына дейін Үндістанда әлемдегі алғашқы әуе таксиі іске қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz жергілікті news18.com басылымына сілтеме жасап.
Аэротакси жасауды ePlane компаниясы қолға алмақ. Көліктің бұл түрі Үндістанның қалалық ландшафттарының қиындықтарын жеңе білуі керек. Болжам бойынша, әуе таксиінің бағасы жердегі такси қызметімен салыстырғанда екі есе жоғары болады.
"Біз Аэротаксиді өте ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Ол шектеулі кеңістікке қонып, әуе кеңістігінде еркін ұша алады”, - деді ePlane негізін қалаушы Сатья Чакраварти.
Әуе таксиі дебюттік рейсін 7-8 айдан кейін жасайды. Жоба кейінірек бүкіл әлемде іске қосылады деп жоспарлануда.