Рысбек Сарсенбай жансақтау бөліміне жеткізілді

Ulysmedia

Саяси тұтқындар туралы іс-шараның алдында ұсталған саяси және қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайды полициядан жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Азаттық Радиосына" сілтеме жасап.

time.kz

«Рысбек Сәрсенбайұлы ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөліміне жіберілді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, саяси тапсырыспен өлтірілген оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы, саяси және қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай саяси тақырыпта баспасөз мәслихаты алдында Талғар аудандық полициясына «әңгімелесуге» шақырылған. Кейін ұсталғаны туралы ақпарат расталып, құқық қорғаушы Евгений Жовтис полицияның Сәрсенбай мен оның әйелі Маржан Аспандияроваға қарсы дөрекі күш қолданғанын, сонымен қатар полицияның жедел жәрдем шақыруға тура келгені белгілі болды.