Гаитиде президент сарайына шабуыл жасалды

Оралхан Қожанов

Гаити астанасы Порт-о-Пренсте бір топ қарақшы үкімет, полиция учаскесі, президент сарайы секілді мемлекеттік нысандарға қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

иллюстрациялық сурет

Бұл туралы CNN хабарлады. Телеарна ақпары бойынша олардың бәрі бір уақытта ұйымдастырылған. Жергілікті билік қазір қаладағы жағдайды бақылауға алуға тырысып жатыр. Осы уақытқа дейін 10-нан аса қарақшы мерт болған. Ал зардап шеккен полицейлер жайлы мәлімет жоқ. Айта өтейін, бұған дейін қарулы топтар Гаитидегі түрмеге басып кіріп, 4 мың адамды босатқан еді. Осыдан кейін елде төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізілді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін қарулы топтар Гаити астанасындағы басты түрмеге шабуыл жасап, онда ұсталған бірнеше жүздеген тұтқынды босатқанын жазған едік.