×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Оппенгеймер», «Мариупольдегі 20 күн» және «Барби» әні: Оскар жеңімпаздары белгілі болды

11.03.2024, 09:18
Фото: REUTERS

Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оскар жеңімпаздары

«Оппенгеймер» «Үздік фильм» номинациясында, ал оның режиссері Кристофер Нолан «Үздік режиссер» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын алды.

«Оппенгеймер» фильмінде ойнаған Силиан Мерфи «Үздік актер» ретінде «Оскар» алса, осы фильмдегі жұмысы үшін кіші Роберт Дауни «Екінші пландағы үздік актер» деп танылды. Барлығы «Оппенгеймер» жеті «Оскар» алды.

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» «Оставленные» фильміндегі жұмысы үшін Дэван Джой Рэндольфқа бұйырды. Үздік әйел рөлі үшін «Оскар» жүлдесі Йогос Лантимос түсірген «Бедные-несчастные» фильмінде ойнаған Эмма Стоунға берілді. Бұл фильм сонымен қатар ең жақсы костюмдер, макияж және шаш үлгісі үшін, сондай-ақ продюсердің жұмысы үшін «Оскар» сыйлығын алды.

Үздік толықметражды деректі фильм ретінде режиссер Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» фильмі танылды.

«Үздік толықметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша сыйлық Хаяо Миядзакидің «Мальчик и птица» фильміне берілді.

Барби фильміндегі «What Was I Made For» әні ең үздік шыққаны үшін «Оскар» Билли Эйлиш пен Финниас О'Коннеллге бұйырды.

«Мариупольде 20 күн»

Бұл Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің алғашқы күндеріндегі Мариупольдегі өмірдің деректі хроникасы.

Чернов, фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василиса Степаненко бар Associated Press тілшілерінің тобы 20 күн бойы ресейлік әскерлер қоршап алған қаланы түсірді.

Фильмнің продюсерлері - Чернов, Мишель Миснер, Рейни Аронсон-Рат, Дарл МакКрудден және Степаненко.

Серіктес жаңалықтары