Гүлдің ақшасын төлемей аты шыққан экс-полицей біреудің телефонын тартып алды

Сырым Қаржас
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желіде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады. Видеодағы диалогтан ол ер адамның былтыр Шымкентте дүкеннен гүл алып, ақысын төлемей кеткен экс-полицей екенін аңғаруға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Отырар басылымының әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Былтыр 8 мамырда ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен еді.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына қоңырау түскен. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында учаскелік инспекторларға ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Ал видео кейіпкері 19 мамырда өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.

Видео әлеуметтік желіден алынғаны хабарланады.