Бизнеске заңсыз араласқан 6 лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды

Ulysmedia

Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады, оның ішінде 5 іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысы отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:

1. «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;

2. кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;

3. адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау. Ол үшін Агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритм әзірленіп, қолданылуда (жеткізуді, ұстауды; күдікті ретінде тануды; қорғауға құқығы бар куә, куә ретінде жауап алуды; тінту, алу, тексеру, құжаттаманы алу, жоспардан тыс тағайындауды келісу көзделген тексерулер; тыйым салу, мүлікке уақытша шектеулер белгілеу).

Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.