Астанада қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді

Ulysmedia

Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Астанадағы қоғамдық көліктердің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Liter.kz

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, 21, 22, 23, 25 наурызда қоғамдық көліктер сенбілік кесте бойынша жұмыс істейді. 24 наурыз – жексенбілік кестеге сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты 6:00-ден 23:00-ге дейін.

Азаматтардан саяхатты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру ұсынылады.