Олигарх Бақыт Ибрагимнің өлімі: қылмыстық іс басталды

Ulysmedia

Полиция экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы болып табылатын қазақстандық олигарх Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Алматы полиция департаментінде болған оқиғаны растады. Кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсаған.

"Бұл факт бойынша өз-өзіне қол жұмсау туралы қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталуда", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, ол 2024 жылдың ақпанында түрмеден босап шыққан. 2018 жылы Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

2020 жылдың қараша айында Бақыт Ибрагим, банкир Жомарт Ерсаев және Bank RBK экс-қызметкерлері 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартты.

Бақыт Ибрагим – Buro 24/7 Kazakhstan сән туралы онлайн-басылымының негізін қалаушы Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерт Әбдірдің бұрынғы күйеуі. Бұрынғы премьердің Надира Арапова деген тағы бір қызы бар.

2023 жылы Бақыт Ибрагим мен Жомарт Ерсаевтың бұрынғы "RBK bank" СЕО-дан тәркіленген мүліктің толық тізімі мен олардың құны жарияланған еді.