×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Аманжан Жамалов: «Шаш ал десе, бас алатын» Қаржы министрлігін қалай түсінуге болады

15.09.2021, 12:01
Фото: Ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қаржы министрлігіне шүйлігіп, Ерұлан Жамаубаевтың шағын бизнесті тексеруде мораторийді алып тастау ұсынысына қарсы шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы шағын бизнесті қолдап, инвестицияны арттырып, салық базасын ұлғайтуды тапсырды. Алайда Қаржы министрлігі президенттің тапсырмасын «өзінше» ұғатын секілді. Мемлекет басшысының жолдауынан кейін Қаржы министрлігі шағын бизнесті тексеруде мораторийді алып тастауды ұсынды. Ең бірінші кезекте, әкімшілендіруді цифрландыру, салық органдарының жұмысын күшейтудің орнына министрлік бизнестің «басын қатырғысы» келеді. Қазақ «шаш ал десе, бас алады» деуші еді. Ең жаманы, бұл – Қаржы министрлігінің әкімшілендіруді қатайту туралы алғашқы ұсынысы емес», - деді Аманжан Жамалов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Салық кодексінің 68 бабын пайдалана отырып, министрлік пилоттық жобалардың тұтас шоғырын «жыпыратып» үлгерген. Бүгін де олардың 8-і қабылданып, тағы 2-уі келісу кезеңінен өтіп жатыр. Олардың барлығы салық төлеушілерге жаңа талаптар қойып, оларға қосымша жүктеме жүктейді.

«Пилоттық жобалардың идеясы салықтық әкімшілендірудің жаңа цифрлық құралдары мен тетіктерін апробациядан өткізу болды. Алайда іс жүзінде олар МКК-ға Салық кодексін айналып өтіп, салық нормалары мен міндеттемелерін өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік берді. Жалпы, Қаржы министрлігі президент қойған нақты мақсаттар мен міндеттерді өзінің ресми мақсаттарымен алмастыратын сияқты. Бұл ретте мемлекеттік міндеттер іс жүзінде бизнесті қорлаудың бюрократиялық нысандарына айналып барады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары