Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарламаны бастауға дайындық жүріп жатыр. Ол биыл сәуір айының аяғында немесе мамырдың басында іске қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Krisha.kz сайты азаматтардың әртүрлі санаты үшін тариф әртүрлі болатынын жазды.
Әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылмады. Дегенмен белгілісі:
Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңге болады.
Өзге аймақтарда – 18 млн теңге.
Тек Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада – облыс орталықтарында бастапқы баспананы сатып алуға болады. Атап айтқанда: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.
Ипотека тек моноқалаларға ғана емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептелетін болады.
Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке Қазақстанда, оның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған болатын.
Ал кеше Үкімет жаңа ипотекаға қатысты мәліметтерді жариялады.
Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. Ол арқылы 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр.
Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.
Қатысушылар: