Ешқандай ерекше жағдай жоқ: ІІМ басшысы тергеу изоляторындағы Бишімбаев туралы

Ulysmedia

Министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаев ортақ камерада жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Не болды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Қуандық Бишімбаев шынымен де ерекше жағдайда, бөлек камерада отыр ма деген сұрақ қойылды.

Мен жоққа шығарамын, ол жалпы камерада, жазасын өтеушілермен бірге. Ешкімде ерекше шарттар жоқ. Барлығы заңға сәйкес. Барлығымен бірге отырады, - деді министр.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтынын жазған болатынбыз. Сот талқылауы 27 наурызда басталады. Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.