АҚШ-та 1400-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

Ulysmedia

«Әмери-кән Эйрлайнз» компаниясы 1400-ден астам рейсін кейінге шегерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, Рейстің кейінге шегерілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі – күшті жел тұрған қолайсыз ауа райы, екіншісі – қызметкерлердің жетіспеуі.

Пандемия кезінде біраз экипаж мүшесі жұмыстан шығып кеткен. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер ұзақ мерзімге еңбек демалысына кеткен. Жалпы қазір 1800-ге жуық орын бос тұр. Осыған байланысты әуе компаниясы жаңа жұмыс орындарына байқау жариялаған.

Басшылық желтоқсан айының аяғына дейін 600 адамды жұмысқа алуды жоспарлап отыр.