Мәскеуде болған теракт: зардап шеккендер саны 360-қа жетті

Ulysmedia

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жақында "Крокус Сити Холлда" болған лаңкестік әрекет салдарынан 360 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

ТАСС мәліметінше, 27 наурыздағы жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шеккен, оның ішінде 11 бала бар.

Барлық зардап шеккен 92 адам ауруханаға жатқызылды, қазір 63 адам шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілген.

Мәскеудегі теракт

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

22 наурыздағы шабуыл үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы өз мойнына алған. АҚШ шенеуніктері бұл оқиғаның артында "Уәлаят Хорасан" (УХ) аймақтық ИМ ұяшығы тұрғанын айтқан.