×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Сотты біржақты өткізіп жатырсыз» – Бишімбаевтың адвокаттары судьяға қарсы шықты

15.04.2024, 11:01
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот процесінде судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокаттың уәжі

Ғазымжанов дүйсенбіде Салтанат Нүкенованың WhatsApp-хат алмасуын қалпына келтіру үшін компьютерлік зерттеу жүргізу жөніндегі өтінішін жариялады. Алайда сот сотталушының адвокатының өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, марқұмның телефоны өткен отырыстарда зерттелгенін, оның хат-хабарларының үзінділері, сондай-ақ оның жазбалары оқылғанын атап өтті.

Жауап ретінде Ғазымжанов Көлбаеваның әрекеттеріне қарсылық білдірді.

Сондай-ақ, Ғазымжанов тағы бір өтінішхатты жариялауға тырысты, бірақ судья процес сотталушы Бақытжан Байжановтан қайтадан жауап алуға ауысып бара жатқанын айтып, ол өтінішхатты да қанағаттандырмады.

– Мен төрағалық етушінің әрекетіне тағы да қарсылық білдіруге мәжбүрмін. Біз өтініш берсек, сіз тоқтатып, сотталушыдан жауап алуға көшесіз. Сіз біздің құқығымызға нұқсан келтіресіз деп ойлаймын. Қорғау тарапына жеткенде сіз тоқтатасыз, - деді Ғазымжанов.

Судья қарсылықты да негізсіз деп таныды.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары