×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

85 депутаттың екеуі ғана қарсы: Масс-медиа туралы заң жобасы Сенатқа жолданды

17.04.2024, 12:54
85 депутаттың екеуі ғана қарсы: Масс-медиа туралы заң жобасы Сенатқа жолданды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Заң жобасын 85 депутаттың 83-і қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

«Ашығын айту керек»

Бүгін Мәжіліс депутаттары журналистер ортасында қызу талқыланған Масс-медиа туралы заң жобасын Сенатқа жолдады. 

– Негізгі заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, журналистердің артықшылықтарын кеңейту үшін нақты ұсыныстар көзделген. Заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу жөніндегі норма ұсынылған. Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобы мүшелерінің басым көпшілігі бұл норманы – демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады, - дейді заң жобасын оқыған Жанарбек Әшімжан.

Оның сөзінше, бұл норма бойынша нақты шешім қабылданып, баспасөз картасы туралы норма жойылған.

Депутаттар қандай түзету ұсынды

Заң жобасын бойынша депутаттар енгізген бірқатар түзету:

  • «Баспасөз картасы»; «Бұқаралық ақпарат»; «Діни теле бағдарлама»; «Журналистердің құқықтары мен бостандық-тарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама»; «Теле-, радио арнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдарын алып тастау;
  • «Журналистің ерекше мәртебесі» және «Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі» ұғымдарын енгізу; «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу» және «Масс-медиа мониторингі» ұғымдарын нақтылау;
  • Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді БАҚ түрлерінің бірі болып табылатын «интернет-басылым» бірыңғай ұғымына біріктіру. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады;
  • Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттерін нақтылау;
  • Үкіметтің мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін толықтыру;

Қосымша құзыреттер беру:

  • Уәкілетті органға – масс медиа мониторингін жүзеге асыру жөніндегі;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдарының:
  • Үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғын үй кешендерінде жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілеу жөніндегі;
  • облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-радио өнімдерінің трансляциясын қамтамасыз етуі және бақылауы жөніндегі;

Одан бөлек мынадай өзгерістер енгізілген:

  • Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгілеу;
  • Мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап – 55 пайызға, 2027 жылдан бастап теле-радибағдарламалардың жалпы көлемін 60 пайызға ұлғайту;
  • Құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескіру мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту;
  • БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеуді айқындау;
  • Балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдау (грант тағайындау);
  • Отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту;

Шу болған Масс-медиа туралы заң жобасы

2023 жылдың соңында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» туралы заң жобасын мәжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Десе де, сала сарапшыларының, медиа мамандардың құжатқа көңілі толмайды. Мәселен, Internews халықаралық ұйымының заңгері Ольга Диденко медиа-бірлестіктің көп ұсынысының құжатқа енбей қалғанын айтады.

Диденконың айтуынша, ең бірінші талап – баспасөз картасына байланысты нормалардың бәрін алып тастау болған. Сонымен қатар, журналистерді аккредиттеу тәртібін жеңілдету ұсынылған. Ольга Диденконың сөзінше, аккредитация дәл қазір институт ретінде жұмыс істемейді. Ал жұмыс істеген жерінде әрдайым проблема туындайды. Аккредитациясы бар журналистердің өзі ақпараттың бәріне қол жеткізіп отырған жоқ. Жарияланған материалдың ескіру мерзімін қысқартуға назар аударады.

Депутат Анас Баққожаев пен Никита Шаталовтың да Қазақстанда аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салу жөнінде ұсынысы қызу талқыланған.