Ақпаратты БАҚ-қа Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Әзірбайжанда БАҚ құралдары ресейлік "бітімгершілік күштері" Таулы Қарабақтан кете бастағанын жазысқан.Мәлімет алдымен, Әзербайжанның АРА агенттігі мен Musavat-тен тараған.
Ресей контингенті кете бастаған жерге Әзербайжанның полициясы кірген.
БАҚ-қа ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған.
Ресейдің бітімгер күштері Қарабаққа 2020 жылы кірген еді. Сол жылы Әзербайжан мен Армения соғысып, Әзербайжан тоқсаныншы жылдары көрші мемлекет басып алған аумақтың көп бөлігін қайтарып алған.