×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бишімбаев сотқа ұялы телефонының кодын бермеді – судья оны зерттеуден бас тартты

18.04.2024, 16:56
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз телефонының кодын судьяға бергісі келмей, тек қорғаушыларына беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Пароль сұрайды. Бишімбаев, телефоныңыздың құпия сөзі қандай? – деп сұрады сотталушыдан прокурор.

Осы кезде Бишімбаев телефонының кодын тек қорғаушысына беретінін айтты.

– Мен парольді тек қорғаушыма беремін. Мен телефонды қорғау жағынан дәлел ретінде ұсынғым келеді. Егер сіз оны адвокатқа берсеңіз, мен оған парольін беремін, - деді Бишімбаев.

Судья келісті. Адвокат Ерлан Ғазымжановқа Бишімбаевтың телефонынан парольы салынған конверт берілді.

Осы кезде қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы процеске қатысушылардың назарын адвокат телефонды үстелдің астына қойып, телефонмен қандай да бір манипуляция жасап жатқанына аударды. Судья Айжан Құлбаева оған телефонды парольімен бірге беруді талап етті.

Қорғаушылар телефонды судьяға бермеді. Сотта адвокаттар Бишімбаевпен әңгімелесіп, осы мәселені шешуі үшін үзіліс жарияланды. Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың өзіне парольді беруді талап еткен. Алайда ол кодты те адвокатына беретінін айтты.

– Сотталушы Бишімбаев, дәйекті болыңыз. Сіз шынымен де бүкіл сот процесінде телефонның кодын беретініңізді айттыңыз. Бәрі сіздің Салтанатпен алмасқан хаттарды көретінін, сіз бұл қылмыстық құқықбұзушылыққа кінәлі емес екеніңізді айттыңыз. Ал қазір сіз ұстанымыңыздыды өзгертіп, сотқа телефоныңызды тексеру үшін код бергіңіз келмейді, - деді судья Айжан Құлбаева Бишімуаевқа.

Бишімбаев кодты тек қорғаушысына беретінін тағы айтты. 

– Сотталушы Бишімбаев сотқа өз телефонының кодын беруден бас тартқандықтан, сот тергеуінің одан кейінгі рәсіміне көшеміз, - деп шешті судья.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары