Мектеп оқушысы теракт жасаймын деп хабар таратқан

Ulysmedia

Атырауда теракт жасағалы жатқанын айтып елді дүрліктірген мектеп оқушысы болып шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Polisia.kz

Тоғызыншы сынып оқушысы екен

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz  мәлімдеді. Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

«Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.» - деді Polisia.kz.

Кеше

Бұған дейін әлдекімнің Астана мектептерінде теракт жасаймын деген хабарламасының тарағанын айтқан едік. Полиция департаменті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Бірақ бұл хабардан шошыған кей ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартқан.